100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағандыда ҚазҰУ-нің органдық сынып студенттері өнер көрсетеді

ҚазҰУ-нің аға оқытушысы Салтанат Әбілханованың органдық сыныбында оқитын алты студент 26 тамыз Қарағандыда өтетін концертте өнерлерін паш етеді.
Бағдарламада Люллидің увертюра соль-мажор, Шайбенің үш соната фа-мажор, Пахельбеляның чакона фа-минор және канон ре-мажор, Букстехуданың, Сицилиананың чакона ми-минор, Бах пен токката Жигудің Трио-соната соль- мажор, токката, адажио және фуга до-мажор шығармалары бар.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де орган сыныбы 2010 жылы ашылған. Оны концертмейстер шебері, халықарлық байқаулардың лауреаты, кафедраның аға оқытушысы Салтанат Әбілханова жүргізеді. 1998 жылы Құрманғазы атындағы АМУ бітірген. Одан кейін профессор Н.Т.Измайлов сыныбында фортепианодан, профессор Г.Т.Несіпбаев сыныбында органнан сабақ алған. ҚазҰМА-да концертмейстерлік шеберлік бойынша тәжірибеден өткен, доцент Г.М. Айдабулованың сыныбын аяқтаған (2000-2002), Лейпцигте орган бойынша тәжірибеден өткен (2006-2010).
Шәкірттерінің концерті 26 тамыз сағат 15:00-де Дева Мария Фатимская католиктік шіркеуінде, Шахтерлер даңғылы, 32 мекен жайында өтеді. Кіру тегін.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.