100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қасым-Жомарт Тоқаев «КазПласт» ЖШС зауытында болып қайтты

Парламент Сенатының Төрағасы Қарағанды қаласына жұмыс сапары шеңберінде «КазПласт» ЖШС зауытында болып қайтты.
Бірінші кезекте ол кәсіпорын жұмыскерлерінің жалақысы қанша екенін сұрады. «КазПласт» ЖШС директорының өндіріс бойынша орынбасары Владимир Боговенконың айтуынша, компаниядағы орташа жалақы айына 180 000 теңгені құрайды.
Зауытта Қасым-Жомарт Тоқаевқа өндірістің барлық кезеңдері көрсетілді.
- Біздің өніміміз бетон, металл және басқа материалдардан жасалған жабдықтармен салыстырсақ, орнату кезінде және пайдалануда жеңілділігімен, ұзақ мерзімге төзімділігімен және арзандылығымен ерекшеленеді. Біз түрлі дәрежедегі сақиналы беріктігі жоғары құбырлар жасап шығарамыз. Осындай сапада полипропиленнен ешкім құбырлар жасамайды. Осыған ұқсас өндірістер бар, бірақ олар полиэтилен материалын қолданады, - деді Владимир Боговенко.
Кәсіпорында өткен экскурсиядан соң Сенат төрағасы «КазПласт» ЖШС шығаратын өнім қытай тауарларын алмастыруға лайықты екенін, жәнеде ол өз кезегінде аймақтың және жалпы еліміздің экономикасына оң ықпал етіп отырғанын атап айтты.
«КазПласт» зауыты 2011-ші жылы құрылған болатын, онда 50 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын қаттылығы жоғары гофрланған полипропилен кәріз құбырларын, пластик сыйымдылықтар, құдықтар, май жинақтауыштар, жол бөгеттерін, көшелерде орнатылатын құмыралар мен балаларға арналған ойын кешендерін жасап шығарады.
 

Вернуться к списку новостей

Қарағанды облысында МЖӘ бойынша кеңесшілер пайда болады 22 Қазан 18:52
Астанайлық және Қазақстандық митрополиті Қарағандыдағы жаңа шіркеуді дәріптеді 22 Қазан 18:33
Облыстық жедел жәрдем станциясының директоры: «Егер шұғыл науқасты қабылдамасақ, бізді ешкім кешірмейді» 22 Қазан 17:40
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»