100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Ерлан Қошанов қала тұрғындарын дыбыстық жарнамадан арылтуды талап етті

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов ретсіз сауда мен дыбыстық жарнамаларды тәртіпке келтіруді талап етті. Бұл мәселе аппараттық жиналыс барысында талқыланды.
Аймақ басшысы қол астындағы қызметкерлер нақты әрекеттер жасап, қала тұрғындарын қорғау үшін жеткілікті әреткеттер жасамай жатқанына наразылығын білдірді. Тұрғындар шағым айтуын тоқтатар емес, ал мәселе сол күйі шеілусіз қалып отыр.
Облыс әкімінің блогына жыл басынан бері Қарағанды қаласындағы Пришахтинск шағын ауданындағы Зелинский көшесіндегі ретсіз саудаға қатысты 17 шағым келіп түскен. Қала әкімі Нұрлан Әубәкіров «сұрақ түсінікті» деді.
- Егер сұрақ түсінікті болса, тәртіпке келтіріңіздер, - деп талап етті Ерлан Қошанов.
Осы секілді проблема – қала орталығындағы дыбыстық жарнама. Қала басшылығы құқықтық олқылықтарға сілтеп отыр – абаттандыру ережелерін өзгерту қажет. Бұл жағдайға Қоғамдық денсаулық қорғау басқармасы сәйкесінше өлшемдер жасап, ықпал ете алады.
Мұндай жауап облыс әкімінің көңілінен шыққан жоқ.
- Осыдан бір айдан астам уақыт бұрын сіздер бізге децибелдерді өлшейміз деп уәде берген болатынсыздар, - деп еске салды ол. – Адамдарға кедергі жасап жатыр. Нәтижелі шаралар қолдануға болмас па еді? Ол небәрі 5-6 нүкте емес пе? Сіздер олардың иелерінің барлығын білесіздер. Шақырыңыздар, әңгімелесіңіздер, бұл мәселені соңына дейін шешіңіздер.
Ерлан Қошанов жергілікті полицияға да бұл мәселеге кірісуді тапсырды.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.