Новости области
ҚарМТУ-де қарашада Ашық есік күндері өтеді

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті қарашада Ашық есік күндерін өткізеді. Талапкерлер мен олардың ата-аналарына ЖОО түсу және оқу туралы мәліметтер айтылады.
Акция шеңберінде проректормен және профессорлық-ұстаздық құраммен кездесулер ұйымдастыру жоспарланып отыр. Келушілер үшін университет бойынша экскурсия өткізіледі. «Жас Орда» қауымдастығының студенттері концерттік бағдарлама әзірлеп жатыр.
Барлық ниет білдірушілер кез-келген факультеттің өкілдерінен жеке кеңес алып, ҚарМТУ ұстаздары мен студенттеріне сауалдарын қоя алады.
9 қараша «Университеттің ашық есік күндері» облыстың шағын қалалары мен ауылдарындағы мектептердің оқушылары үшін өтеді.
13 қараша ЖОО Қарағанды қаласының Октябрь ауданының мектеп түлектерін күтеді.
15 қарашада ҚарМТУ ректорының мектеп және колледж оқушыларының ата-аналарымен кездесуі өтеді деп жоспарлануда.
21 қараша - «Университеттің ашық есік күндері» колледждердің түлектері үшін ұйымдастырылады.
www.kstu.kz ақпараты бойынша