Новости области
Алик Шпекбаев қарағандылық кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында аймақтың биснесмендерімен кездесіп, олардың қойған сұрақтарына жауап берді.
Кәсіпкерлерді салық дауына қатысты сот жүйесінің жетілмегендігі, шалғайдағы аудандарда интернет тартырмағандығы және кейбір шенеуніктердің құзыретсіздігі немесе әрекетсіздігінің салдарынан бизнесмендердің шеккен залалдарының орнын толтыру мәселелері алаңдатты.
Қарағандылықтар көтерген басты мәселелердің бірі – электр қуатының жоғары тарифі. Бұған қоса олар тұрғындар және заңды тұлғалар үшін тарифті дифференциялау – кәсіпкерлер есебінен қарапайым азаматтарға демеуқаржы беру әділ емес екендігін жеткізді.
- Бұл мәселені Елбасы қауіпсіздік отырысында көтерген болатын. Қазірдің өзінде коммуналдық төлемдердің тарифтерін төмендету бойынша қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр. Белгілі бір монополистерге қатысты қылмыстық іс қозғалған жайттар да бар,олардың кейбірі өз қызметтерінің бағасын төмендетуге дайын. Мемлекет бизнестің дамуына барлық жағдайды жасауға тырысып жатыр, - деп жауап берді Алик Шпекбаев.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы ертеңнен қалдырмай қол астындағы қызметкерлерге тапсырма беріп, осында айтылған әрбір шағым бойынша сараптама жасалып, соңыра сәйкесінше шешімдер қабылданатынын айтып сендірді.
- Менің ойымша, билік әрдайым бизнес белсенді жұмыс істеп жатқанына алғысын білдіру тиіс. Себебі бұл жағдайда еліміздің экономикасы дамиды, жалпы халықтың әлеуеті көтеріледі. Өз кезегінде мемлекет те кәсіпкерлер үшін көп қолдау көрсетіп жатыр. Бізде бизнесті жеңіл жүргізу бойынша отыз дамыған елдер рейтингіне кіру мақсатымыз бар. Жәнеде біз осы бағытта айтарлықтай нақты қадамдар жасап жатырмыз, - деп атап өтті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы
Ол проблемалық мәселелер бойынша келіп түскен 259 шағымның 211-і (шамамаен 87%) кәсіпкерлер мен инвесторларға жәрдем көрсету ретінде оң шешімін тапқанын айтты.
Сондай-ақ сапар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы Қарағандыдағы бірнеше нысандарды аралап қайтты. Ол құрылысы жүріп жатқан «Альфарух» логистикалық орталығында болды. Мұнда фермерлер өз тауарларын жүк көліктерімен және вагондармен тасып алып келе алады. Көкөністер мен жемістер үшін мұнда желдеткіз жүйесі бар заманауи қоймалар саланып жатыр. Бұған қоса, шет елдік жеткізушілер өз тауарларын дәл осы логистикалық орталықта кеденнен өткізіп, ал делдалдармен жұмыс істегісі келмейтіндер өнімдерін осы нұктеден көтерме түрде сата алады. Мұндай орталықтың құрылысы делдалдардың жоқтығы және тауарды бір жерден екінші жерге тасымалдаудың қажеті болмағадықтан азық-түлік тауарларының бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.
Алик Шпекбаев сондай-ақ машина құрылысымен, құрастыру, жөндеу және техникалқ қызмет көрсетумен айналысатын «Maker» қарағандылық зауытында да болып қайтты. Мүнда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын жоғарытехнологиялы құрылғыларға арналған сапалы бөлшектерді жасайтын «Siemens» фирмасының заманауи станоктары таңқалдырды.
Бұған қоса, Алик Шпекбаев Саран қаласында салынып жатқан күн электр станциясында да болды. Бұл сапарларының басты мақсаты аймақта бизнестің қалай жүргізіліп жатқанымен танысу болды.