100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағандылық жас суретшілер көрмеде 500 астам туындыларын назарға ұсынды

№1 Өнер мектебінің Бейнелеу өнері бөлімінің оқушылары өз жұмыстарын Қарағандының 85 жылдығына арналған «Әлемнің әсемдігін жүрекпен сезінгенде...» көрмесінде көпшілік назарына ұсынды. Экспозицияны облыстық бейнелеу өнері мұражайынан тамашалауға болады.

- Барлық жұмыстар түрлі жанрларда салынған, үлкен қиялмен және түрлі техникада. Көрме біздің сүйікті қаламыздың мерейтойына арналғандығымен қызықты. Авторлар осылайша барлық қарағандылықтарға сыйлық жасады, - дейді Бейнелеу өнері мұражайы директорының орынбасары Александр Гехт.
Экспозиция 500-ден астам композициялардан, этюдтар, көркем суреттер, графика, мүсіншелерден құралған. Вернисажға қатысушылар – 4-тен 17 жасқа дейінгі аралықта. Олар көрермендерге әлемнің әсемділігін өз көзқарастары арқылы көрсетті. Тақырып туған өлкеге, мәдениетке, дәстүрлерімізге деген махаббаты көрсетеді. Тәжірибелік техникалар сурет салудың академиялық әдістерімен бірге ұсынылған.
- Біздің балалар өте шығармашыл. Олардың кейбірі астарлы ойы бар өте терең тақырыптарды таңдайды. Жыл сайын біз осындай көрмелер өткіземіз, жінеде бұл балалардың, педагогтардың және ата-аналардың бірлескен тамаша жұмыстарының нәтижесі, - дейді Қарағанды қаласының №1 Өнер мектебінің директоры Анастасия Бермичева.
Жас суретшілердің жұмыстарына қарап көрермендер қазіргі заманғы көзқарас, кеңістіктік және абстрактілі ой-өріс, көркемөнер тәрбиесі туралы ой өрбіте алады.
«Әлемнің әсемдігін жүрекпен сезінгенде...» көрмесі 27 қаңтарға дейін облыстық бейнелеу мұражайында өтеді. Мекенжайы: Бұқар жырау даңғылы, 76.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.