Новости области
Қарағанды облысында барлық мектеп жанындағы интернаттар жөндеуден өтті

Аймақ басшысы Ерлан Қошанов Осакаров ауданының №12 жалпы білім беру мектебінің жанындағы интернатта балалар қандай жағдайда білім алып жатқанын бақылап қайтты.
Осыдан бір жыл бұрын ғана мекеме апаттық жағдайда болған. Ғимаратта шатырдан су ағып, ылғалдан есік тіреулері қисайып кеткен, терезенің жақтаулары тозған, еденге төселген плитка жарық болған.
Бүгінгі таңда интернат айтарлықтай түрленген және мұнда өмір сүру анағұрлым жайлы болып отыр. 2018 жылы жөндеу жұмыстарына 144 млн теңге бөлінген. Бұл қаражат шатырды толығымен ауыстырып, электр, жылу жүйелерін, сантехниканы, есіктерді жаңартып, энергия үнемдейтін пластик терезелер орнатып, сатылар жөнделіп, кіреберісті қалыпқа келтіруге, сондай-ақ ас үй, демалыс бөлмелеріне және оқушылар тұратын жатын бөлмелерге жиһаз алуға жеткен.
- Бұл жерде менің екі балам тұрды, қазір үшіншісі тұрып жатыр – ол тоғызыншы сыныпта оқиды. Қазір оны интернатқа жібергенде көңілім тыныш, алаңсыз болады, себебі мұнда үйдегідей жағдай жасалып, енді бұл ғимарат жайлы және жылы. Президентімізге өскелең ұрпағымызға үлкен көңіл бөліп жатқаны үшін алғысымды білдіремін, - деп бөлісті өз әсерлерімен интернат оқушысының анасы Оксана Ковалева.
- Президенттің тапсырмасы бойынша, облысымыздың барлық интернаттарын қалыпқа келтірдік.. Олар жөндеуді талап еткен болатын, сондықтан біз бірініш кезекте осы мәселеге көңіл аудардық, - деп атап өтті Ерлан Қошанов.
Барлығы Қарағанды облысында 21 мектеп жанындағы интернаттар қызмет етеді. Олардың 12-де күрделі жөндеу, 9-да – ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Осакаров ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімін балалардың тұрғын жағдайы ғана емес, сонымен қатар олардың бос уақытта немен айналысатыны қызықтырды.
Бос уақыттарын оқушылар қосымша білім орталығында өткізеді. Осакаров ауданы білім бөлімінің жетекшісі Айнагүл Ақманбетованың айтуынша, мұнда музыкалық үйірме, қуыршақ театры және басқа да көптеген секциялар жұмыс істейді. Алдағы уақытта мекемені жаңғыртып, үйірмелердің санын көбейту жоспарланып отыр.
- Тұжырымдаманы өзгерту қажет. Бізде мұнда жастар ресурс орталығы жұмыс істейді, жәнеде біз холлды жаңартып, кездесулер өткізу үшін wi-fi орнатуды көздеп отрымыз. ІТ-сыныптар ашқымыз келеді. Қазір балалар биологияға, ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге қызығушылық танытады. Көптеген оқушылар ғылыми жұмыстар құрып жатыр, сондықтан STEM-зертханалар тәжірибесін меңгере алар еді, - дейді Айнагүл Ақманбетова.
Сондай-ақ Қарағанды облысының әкімі «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үй кешенінде де болып қайтты. Аталмыш кешен сатып алу құқығысыз жалға берілетін пәтерлері бар төрт үйден құралады. Бұл жерден баспананы халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобы алады. Жақын уақытта ауданда қоныс тойын тойлаушылар саны артады деп жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда Осакаровкада 12 үйдің және Молодёжный кентінде 7 үйдің құрылысына жобалық сметалық құжаттамалар дайындалып жатыр.