Новости области
«Шалқыма» концерт залында ғұлама композиторлардың вальстары шырқалады

Қарағандылықтарды Тәттімбет атындағы академиялық оркестрдің және Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солистерінің қатысуымен өтетін концертке шақырады. Музыкалық кеш 25 қаңтарда өтеді, басталуы 18.30-да.
«Шалқыма» концерт залының сахнасында әлемдік және қазақстандық композиторлардың вальстары шырқалады.
«Вальстың тамаша әуенін естудемін…» бағдарламасында Штраустың және басқа да композиторлардың туындылары болады.
Бас дирижер - Дүйсен Үкібай. Дирижер – Әбдуғалисын Шоқанбаев.
Билет құны 800 теңге.