100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотында алғашқы фронт-офис ашылды

Октябрь ауданының №3 аудандық сотында өңіріміздегі алғашқы мамандандырылған фронт-офис ашылды. Ол кеңсе техникасымен жабдықталған қазіргі заманғы және ыңғайлы күту залы ретінде жасалған.

Фронт-офис үш аумаққа бөлінген. Ақпараттандыру орталығында келушілерді кеңес берушілер қарсы алады. Сонымен қатар келіп түсетін кеңсе құжаттар аумағы мен өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы бар. Сотқа келушілер «Сот кабинеті» ақпараттық жүйе қызметін, wi-fi желісін және гаджеттерге арналған қуаттандыру құралдарын қолдана алады.
Медиаторлар мен адвокаттар үшін арнайы кабинеттер бар.
- Бұрындағы мұнда күтуге арналған кішкентай зал мен құжаттар беретін бір-екі терезе ғана болған. Өте ыңғайсыз болатын. Енді бұл жер кеңейтілді, кеңесшілер бар, келіп түсетін және берілетін корреспонденцияны қабылдап-беріп тұратын қызметкерлер қарастырылған. Сонымен қатар фронт-офисте адвокаттар мен медиаторлар қызмет көрсетеді. Осының барлығы келушілердің ыңғайлығы үшін жасалып отыр, - деді Октябрь ауданының №3 аудандық сотының төрағасы Ерлан Шегенов.
Облыстық сот төрағасы Нұрсерік Шәріповтың айтуынша, жыл соңына дейін Қарағанды облысының көпқұрамдық соттарында 7 осы секілді фронт-офистер ашу жоспарланып отыр.
- Сот жүйесін жаңғырту аясында біз сотқа тұтынушылар көзімен қарадық: ол қандай болуы тиіс, қандай жағдай жасалуы керек. Осының барлығын Қарағандыдағы алғашқы фронт-офисте іске асыруға тырыстық, - деді Қарағанды облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов.

 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.