100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Осы жылы «Жыл оқушысы» қалалық байқауына 143 оқушы қатысады

Қарағандыда «Жыл оқушысы – 2019» VIII қалалық байқау басталды. Оған қаламыздың 64 мектептері мен гимназияларынан 6-11 сыныптарда оқитын 143 оқушы қатысады.

Байқау 5 кезеңнен құралады. Ең алдымен қатысушыларға берілген тақырып бойынша эссе жазу керек болатын. Екінші кезеңде шешендік өнері сынға алынады. Осы екі кезеңнің нәтижелері бойынша қазылар алқасы үздік қатысушыларды ірктеп, олар әрі қарай байқауда бақтарын сынауды жалғастырады. Үшінші кезең сырттай өтеді. Онда байқауға қатысушылардың жетістіктер портфолиосы бағаланады. Бұл кезеңнен әр параллель сыныптардан 4 оқушы ғана өтеді.
Одан әрі үміткерлерді оn-line дауыс беру күтіп тұр. Ол қорытынды нәтижеге ықпал етпейді, алайда көрермендер көзайымы жүлдесін алатын оқушыны анықтайды. Ақтық сайыс дәстүрлі түрде мамырда өтеді. Қорытынды кезеңде шығармашылық тапсырмалар беріледі. Онда финалға шыққандар өздерінің сүйікті істері, мектептегі өмірі, алға қойған мақсаттары, жетістіктері мен жеңістері жайлы баяндап береді.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.