Новости области
Қарағанды облысының емханаларында Ашық есік күндері өтеді

Сенбі, 26 қаңтарда Қарағанды облысының барлық емханаларында және Облыстық онкологиялық диспансерде Ашық есік күндері өтеді. Акушер-гинекологтар мен онколог дәрігерлер қабылдау өткізеді. Емделушілер бұл күні скринингтік бақылаудан өте алады.
Ақция мақсаты – онкологиялық дерттердің алдын алу және ерте кезеңде анықтау.
Денсаулық сақтау басқармасы сонымен қатар қаңтардың 21-нен 26-на дейінгі аралықта Қарағанды облысында «Жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу аптасы» атты акция өтетінін еске салады. Бұл аптада әйелдер акушер-гинекологтарға келіп, жатыр мойнын скринингтен өткізу қажеттілігінің маңыздылығы туралы ақпарат ала алады. Сонымен қатар қажетті сараптамалардан өтіп, АПВ (адам папилломасы вирусы) қарсы екпе туралы кеңес алуға мүмкіндіктері болады.
2018-ші жылдан бері скринингтік зерттеу 30-дан70 жасқа дейінге пациенттер арасында өткізіледі. Дәрігерлер қарауынан тұрғылықты орын бойынша немесе тіркелген емханадан өтуге болады.