Новости области
Станиславский атындағы театр актрисасының бенефисі өтеді

Қарағанды мемлекеттік Халықтар достығы орденінің К.С. Станиславский атындағы орыс драма театры 27 қаңтарда актриса Ирина Городкованың мерейтойын атап өтеді. Негізгі спектакльден соң труппа мерейтой иесінің құрметіне мерекелік қойылым өткізеді.
Өзінің бенефисі үшін Ирина Городкова Дунай Еспаевтың қойған Д. Кристнердің «Знойные мамочки» спектаклін таңдаған.
Ирина Городкова (Немцева) Екатеринбург мемлекеттік театр институтын тәмамдаған. К.С. Станиславский атындағы театрда актриса 1980-ші жылдан бері қызмет етіп келеді. Сол уақыттан бері ол 100-ден астам рөлдерді сомдаған, олардың басым бөлігі басты рөлдер. Актрисаның қоржынында түрлі образдар бар: Эсмеральда (В.Гюгоның «Париж Құдай Анасының Шіркеуі», 1982), Эдит Пиаф (В.Легентовтың «На балу удачи», 1997), госпожа Журден (М.Булгаковтың «Полоумный Журден», 2000), Эмилия Марти (К.Чапектің «Средство Макропулоса», 2005), Дарья (А.Толстойдың «Театральный роман’с», 2009), Мақпал (Ғ.Мүсіреповтың «Махаббат туралы дастан», 2015), Галчиха (А.Островскийдің «Без вины виноватые», 2016) және т.б. актрисаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ауқымы бір мезгілде таригикалық та, жаоғыр эмоциалды әсерге ие рөлдерді де, комедиялық, өжет рөлдерді де орындауға мүмкіндік береді.
Ирина Городкова – Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» құрмет білгісінің иегері. Театр өнерін дамытуға қосқан үлестері үшін басқа да марапаттарға ие болған. 2011-ші жылы «Жыл актрисасы» номинациясында Қарағанды облысы әкімінің сыйлығын алған. «Мир Исабекова», «Мост дружбы» халықаралық театр байқауларының лауреаты.
Актриса Ирина Городкованың мерейтойлық кеші 27 қаңтарда 17.00-де басталады.