100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағанды облысының әкімі Қазақстандағы Германия Елшісімен кездесті

Қарағанды облысының әкімі Аким Ерлан Қошанов Қазақстандағы Германияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Тило Клиннер мырзамен кездесті. Кездесуде екі жақ өзара серіктестік және Қарағанды облысына инвестициялар салу мәселелерін талқылады.

Аймақ басшысы облыстың экономикалық әлеуеті мен инвесторлар үшін жасалған мүмкіндіктер жайлы айтып берді.
- Президентіміздің салиқалы саясатының арқасында Қазақстанда қолайлы инвестициялық климат құрылуда, - деп атап өтті Ерлан Қошанов. – Біздің облыста неміс бизнесі өте белсенді жұмыс істейді. Бүгін біз көптен күткен және өте маңызды жоба - күн электр станциясын іске қосқалы жатырмыз. Жыл соңына қарай неміс капиталының қатысумен теxникалық газ шығаратын зауыт ашуды жоспарлап отырмыз.
Облыс әкімі сонымен қатар өңіріміз инвесторларға тау-кен - металлургиялық кешен, машина құрастыру, тағам өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы секілді салаларда тауашалы жобаларды ұсына алатынын атап өтті.
Германия Елшісі болса өз тараптарынан жаңа инвестициялық жобаларды қолдауға дайын екендерін жеткізді:
- Мен сіздердің облыста біздің неміс кәсіпорындары үшін үлкен мүмкіндіктер бар екеніне қуаныштымын. Қазақстан мен Германия арасында шикізат әріптестігі туралы келісімшарт құрылған, ол біз үшін үлкен мүмкіндіктер ашып отыр.
Тило Клиннер мырза сонымен қатар қазіргі іс жүзіндегі бірлескен жобалар ұзақ мерзімді екенін атап өтті. Ол серіктестік әрі қарай да өте белсенді дамитынына үміттенетінін жеткізді.
Қазір Қарағанды облысында 120-ға жуық компания неміс әріптестермен бірлесіп жұмыс атқаруда. Қарағанды облысы мен Германия арасындағы сыртқы тауар айналымы 170 миллион доллардан асады. 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.