Новости области
Халықаралық жасыл технологиялар орталығы Қарағанды облысында экологиялық жобаларды жүзеге асыруға көмектеседі
Қарағанды облысының әкімдігі мен Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (IGTIC) өзара серіктестік туралы келісім орнатты. Жасыл экономиканы дамытуда аймақ басшылығы Елбасының тапсырмасымен ЭКСПО-2017 мирасы ретінде құрылған ұйымның қолдауына ие болды.
- Біз бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылық танытып отырмыз және қазірдің өзінде бірқатар ортақ жобаларды жүргізіп жатырмыз. Өткен жылы Теміртаудағы «қара қарға» қатысты оқиғадан соң аталмыш орталық та экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жұмыстарға кірісіп кетті, - деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.
Келісім ақпарат алмасуды, өңірді дамыту кешендік жоспарын құру, инвестициялық, экологиялық және ғылыми-білім беру жобаларын жүзеге асыру кезінде іс-әрекеттерді үйлестіруді қарастырады.
Қарағанды облысы орталықтың өзара серіктестік туралы меморандум құрған еліміздегі оныншы аймақ болып отыр. IGTIC жетекшісі Рапиль Жошыбаевтың айтуынша, бірлескен нақты жобалар Серіктестік жол картасын құрған соң анықталатын болады.
Орталық облысқа ЭКСПО-2017 қорытындысы бойынша іріктелген жасыл жобаларды жүзеге асыруда көмек көрсетуге уәде берді.
- 100-ден астам жоба Астанада өткен ЭКСПО көрмесін өткізген уақытта арнайы комиссиямен іріктелген болатын. Олар енгізу мақсатына сәйкес келуі бойынша аймақтарға таратылды. Оның ішінде бірқатар жобаларды Қарағанды облысы таңдап алды. Технологиялардың алға жылжуын қадағалау үшін қазір ол база бізге берілді. Қажет болған жағдайда біз инвесторларды іздеуге көмектесетін боламыз, - деді Рапиль Жошыбаев журналистермен кездесу барысында.