Новости области
Облыстық "Орталық Қазақстан" газетіне бас редактор тағайындалды

Бүгін 2019 жылдың 24 қаңтары күні Қарағанды облысының әкімі «Орталық Қазақстан» газетінің редакциясына жаңа бас редакторын таныстырды.
Газеттің бас редакторы болып Ахметов Қамбар Жұмағалиұлы тағайындалды.
Ахметов Қамбар Жұмағалиұлы 1978 жылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген.
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде білім алып, еңбек жолын «Орталық Қазақстан» газетінде 2004 жылы тілші болып бастаған.
Әр жылдары аймақтық «Балқантау», республикалық «Айқын» газеттерінде, «Baq.kz» ақпараттық агенттігінің, «Қазақстан» республикалық теле-радиокомпаниясының интернет жобалар бөлімінің бас редакторы болды.
2016 - 2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі, 2018 жылы «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған.
Облыс әкімі 20 жылдан астам уақыт осы газеттің бас редакторы болып еңбек еткен Сембай Мағауия Сламбекұлына шынайы алғысын білдіріп, Құрмет грамотасын табыстады.