100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Бейнелеу өнері мұражайында «Сүйікті қалам Қарағанды» атты көрме ашылды

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Сүйікті қалам Қарағанды» атты көрме ашылды. Онда мұражай қорынан жәдігерлер қойылған.

- Көрме биыл аталып өтілетін Қарағандының 85 жылдық мерейтойына арналған. Мұнда кескіндеме, графика және мүсін түріндегі 57 жұмыс қойылған. Олардың барлығы біздің қаламызға арналады. Біз бұл жұмыстар арқылы қаламыздың даму тарихын көрсетуге тырыстық, - дейді мұражайдың бас қоймашысы әрі көрме жетекшісі Дәмелі Қадырқұлова.

Экспозициялар бірнеше бөлімге бөлінген. Олардың арасында - «Рухани жаңғыру», «Өнеркәсіпті Қарағанды», «Біздің мақтаныштарымыз», «Кеншілер өңірі», «Қарағанды ҰОС жылдарында», «Ғарыш айлағы» және «Қарағандының бүгінгі көрінісі».

«Рухани жаңғыру» бөлімінен келішулер «Сарыарқа» картинасын, сондай-ақ Қазыбек би мен Бұқар жыраудың суреттерін көре алады. Басқа бөлімдерде біздің қаламыз бен оның танымал тұлғалары көрсетілген.
- Биыл Нүркен Әбдіровтың туғанына 100 жыл толады, сондықтан бір бөлім экспозициялары соған арналған. Онда жерлесіміз Александр Билыктың жұмыстарының типографиялық көшірмелері мен ол жасаған мүсіндердің суреттері қойылған. Олар барша қарағандылықтарға танымал «Кеншілер даңқы» ескерткіші, Нүркен Әбдіровтің ескерткіші, Н. Әбдіровтың анасының мүсіні мен Теміртауда мұражай жанында орнатылған металлургтер ескерткіші,- деп атап өтті Дәмелі Қадырқұлова.
Сонымен қатар көрме ашылған күні № 25 мектептің бесінші сынып оқушыларымен мұражай сабағы өтті. Оқушылар үшін «Ұлы даланың жеті қыры» атты шағын көрме ұйымдастырылды.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.