100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Жастар жылы Қарағанды облысында қалай өтеді

Жастар жылына орай Қарағанды облысында 140 астам әлеуметтік маңызды шаралар жоспарланған. Бұл туралы брифинг барысында Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың жетекшісі Мирас Құттыбай мәлім етті.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2019 жыл – Жастар жылы деп бекітілді. Президент өз Жолдауында қойған мәселелерді іске асыру мақсатында Қарағанды облысында 140 әлеуметтік маңызды шаралар жоспарланған. Олар жастарға жұмыс табуға, олардың тұрғын үй мәселелерін шешуге, білім алуына және оларды шығармашылыққа, спортқа және салауатты өмір салтын ұстауға шақыруға бағытталған.

- Осы орайда кәсіпкерлік негіздерін оқыту үшін «Open English» жобасы іске асырылуда. Робототехника бойынша алаң ашу, инновациялық жобалар сайысын ұйымдастыру жоспарлануда. Жыл бойы «Jastar u‘shin» облыстық қозғалысы жұмыс жасайтын болады. Оның мақсаты – жастарды жұмысқа орналастыруға көмектесу, оларды өз кәсібін ашуға тарту, және де оларды қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар жайлы ақпараттандыру, -дейді Мирас Құттыбай.

Оның сөзінше, облыста кәсіпкерлік негіздері бойынша қысқы және жазғы студенттік мектептер ұйымдастырылады. Және де Жастар жылы аясында «Заманауи бизнес-модельдің жеті қыры» атты Республикалық жастар бизнес-конференциясы өтеді.
Өңірде сондай-ақ жас отбасылар үшін психикалық және заң тұрғысында қолдау көрсету кабинеттері ашылады. Және «7-20-25» жобасымен таныстыру мақсатында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ҚБ, ҚИК өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылады.

2019 жылы Сәтбаев қаласында Оқушылар сарайы ашылады, Қарағанды мен Қарқаралы ауданында 4 студенттер жатақхасының құрылысы басталады. Сондай-ақ биыл Облыстық жастар денсаулығы орталығының, 32 спорт алаңының, 20 хоккей кортының, Қарқаралы және Абай аудандарында 2 ДСК ашылуы жоспарлануда.
Қарағанды облысындағы жастар саны - 291 мың адамды құрайды.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.