Новости области
92 гимназияда Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына арналған кабинет ашылды

92 гимназияда «Қасымтану» әдебиет кабинеті ашылды. Онда жерлесіміз, атақты жазушы Қасым Аманжоловтың кітаптары, оқушылардың оған арнаған жобалары мен ғылыми жұмыстары, сондай-ақ қарағандылық авторлардың туындылары жинақталған.
Мұндай кабинет құру идеясы бекерден пайда болған жоқ. Дәл осы 92 гимназияда жыл сайын «Қасым оқулары» атты ақындар сайысы өтеді. Кабинеттің ашылуына танымал қарағандылық ақындар мен жазушылар шақырылды.
- Биылғы жылы осы гимназияда оқу бағдарламасына «Қасымтану» курсы енгізілді. Бұған қоса, үшінші жыл қатарынан қалалық мектептердің оқушылары арасында «қасым оқулары» мүшәйрасы өтеді, - деді қалалық білім бөлімінің әдіскері Гүлнәз Жаркеева.
«Қасымтану» кабинеті оқушыларды кітап оқуға баулып, оларға ақын жерлестерінің шығармашылығы туралы мәлімет беру мақсатында ашылып отыр.
- Қарағанды – Қасымның туған өлкесі, ол осында дүниеге келген. Мұнда, қазақ гимназиясында, оның туған жерінде «Қасымтану» кабинетін ашу – атаулы оқиға. Бұз өте қуаныштымыз. Келешекте бұл жерден елін сүйетін нағыз патриоттар тәрбиеленіп шығады деп айлаймын, - дейді ақын Серік Ақсұңқарұлы кабинеттің ашылу салтанатында.
Бүгін гимназияда «Қасым оқулары» мүшәйрасы өтіп жатыр. Биылғы жылы ақындар сайысына қаламыздың барлық мектептерінен 140 оқушы қатысты.