100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағандылық онкологтар әйелдерге скрининг өтудің маңыздылығы жайлы еске салды

Қарағандылық онкологтар жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу аптасы шеңберінде әйелдер қауымына скрининг өтудің маңыздылығы туралы еске салды. 2018-ші жылдан бастап 30 бен 70 жас аралығындағы барлық әйелдер төрт жылда бір осы тексеруден өтулері тиіс.

Статистикалық мәліметтерге сай, жатыр мойнының қатерлі ісігі онкологиялық дерттер арасында ең «асқынған» түрі болып табылады. Әдетте ол аурудың нышандары тек екінші-үшінші кезеңде, ауру емдеуге көнбейтін кезде ғана анықталады.
Дәл осы себепті дәрігерге келіп, скрининг өту өте маңызды болып табылады.
- Міндетті скринингтер Қазақстанда 2008-ші жылдан бастап жүргізіліп келеді. Жатыр мойнының қатерлі ісігі бойынша скринингті 30 бен 70 жас аралығындағы 86 мың әйел өтуі тиіс. Өкінішке орай, көбісі одан бас тартады, уақыттарын қимайды, нализ тапсырғылары келмейді. Алайда ол барып тұрған жауапсыздық. Бұл скринингтер адам өмірін арашалап қалуына септігін тигізеді, - дейді Қарағанды облыстық онкологиялық диспансердің директоры Мұратбек Жұмақаев.
Естеріңізге сала кетейік, осы сенбі, 26 қаңтарда облыстық онкологиялық диспансерде «ашық есік күні» өтеді: емделушілер үшін үш гинеколог кабинеті мен УДЗ кабинеті жұмыс істейді. Қаралуға жолдаманы жеркілікті учаскелік терапевтен алуға болады.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.