Новости области
Қарағанды облысында қатты аяз күтілуде

1 және 2 ақпанда Қарағанды облысының аумағында түнде ауа температурасы күрт төмендеп, - 27-32 градусқа дейін, ал облыстың солтүстік - батысында 35-40 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде.
Тұрғындарға келесідей кеңес беріледі:
- абай болып, ауа райының өзгерістерін қадағалап отыру, балаларды қараусыз қалдырмау;
- ауа райының өзгеруіне сай жылы киіну;
- алыс сапарға шықпауға, әсіресе ауа райы күрт бұзылған күні түнде жолға шықпау.
Егер Сіз төтенше жағдайға тап болып, өз күшіңізбен ол жағдайдан шыға алмасаңыз, кідірместен «112» құтқару нөміріне хабарласып (қалалық және ұялы телефоннан хабарласу тегін), оқиға туралы мәлімдеу қажет.