Новости области
Қарағандыда жексенбіде Бұқар жырау даңғылы бойында жол жабылады

Жексенбі, 3 ақпанда 16.00-ден 19.00-ге дейін Бұқар жырау даңғылының Нүркен Әбдіров даңғылынан Бейбітшілік гүлзарына дейінгі аралығы жабылады. Бұл уақытта көше бойында автомобильдер флешмобы өтеді, деп хабарлайды ekaraganda.kz.
Қарағандылық автосүйерлер осындай шара арқылы қала тұрғындарын Қарағандының 85 жылдық мерейтойымен құттықтамақшы. Ұйымдастырушылар келтірілетін ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жағдайға түсіністікпен қарауды өтінеді.