Новости области
Бейбіт Қорған Қарағанды облысының жетімдер үйінің тәрбиеленушілерімен бірге ән салды

Қарағандылық полицейлер балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілер үшін сыйлық жасады. Кеншілер мәдениет сарайында танымал әнші Бейбіт Қорғанның қатысуымен өткен қайырымдылық концертіне 700 астам бала шақырылды.
Балалар атақты орындаушының шығармашылығына тәнті болып қана қоймай, сонымен қатар әншімен суретке түсу мүмкіндігіне ие болды.
Концертте сонымен қатар полиция қызметкерлері және балалар үйінің дарынды тәрбиеленушілері өнер көрсетті. Әуенді кешттің соңғы әнін қатысушылар Қазақстан эстрада жұлдызымен бірге орындады.
Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінің таратқан ақпараты бойынша