100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағанды облысында «Көктем - 2019» ауқымды оқу-жаттығыулары өтуде

Қарағанды облысында «Көктем-2019» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығулары басталды. Шара екі күн жалғасады. Оның мақсаты – көктемгі су тасқыны кезінде төтенше жағдайларды алдын алу және жоюға дайындау болып табылады.

26 ақпанда оқу-жаттығулар Абай ауданының жартас су қоймасында өтті. Оған 600 жуық адам және шамамен 200 бірлік техника жұмылдырылды. Ол ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі Комитетінің аймақтық бөлімшелерінің, «Қазавиақұтқару» авиациялық жасағының жедел-құтқару құрылымдары, әскери қызметкерлер, облыстық азаматтық қорғаныс қызметінің және жергілікті әкімдіктердің қызметкерлері.
Қарағанды облысы бойынша ТЖД бастығы Ыбраһым Күлшімбаевтың айтуынша, оқу жаттығуларын өткізетін аумақ кездейсоқ таңдалмаған.
- Абай ауданы облысымыздағы көктемгі тасқын қаупі жоғары аудандардың бірі. Оқу жаттығу кезінде біз жергілікті әкімдіктердің, аудандық апаттық-құтқару қызметтерінің дайындығын тексереміз. Сонымен қатар су қоймасындағы гидротехникалық құрылыстардың жағдайын бақылаймыз. Оқу жаттығулар құтқарушылардың барлық азаматтық қорғаныс қызметтерімен өзара әрекет етуі кезіндегі ауызбірлігі сыналады, - деді ол.
Екі күндік жаттығулар кезінде облыста 60 тәжірибелік дайындық әрекеттер өткізу жоспарлануда. Шаралар өіріміздің барлық аудандары мен қалаларында өтеді.
Бүгін Шерубай-Нұра өзенінде жаттығулар кезінде мұз жарылды. Өзен арқылы шөлнек өткелдің көмегімен жергілікті тұрғындар тасымалданып, құтқарылды. Тік ұшақтардың көмегімен адамдарды мұз үстінен шешіп алып, қауіпсіз жерлерге тасымалданды. Тасзаимка және Самарка елді мекендерінде өзендердің жағалаулары бекітілді.
- Соңғы мәліметтерге сай Шерубай-Нұрада қазіргі таңда қар қоры орташа нормадан төмен. Егер жағдай туралы жалпы айтар болсақ, өзеннің бастауында қар көбірек, ол аймаққа шамамен 11 елді мекен жатады. Алайда ол аймақтардың барлығында сәйкесінше жұмыстар жасалды. Келесі аптадан бастап біз су тасқыны қаупі жоғары аудандарды аралай бастаймыз. Барлық қажетті әрекеттерді жергілікті жерлерде көрсетіп, дайындайтын боламыз, - деп мәлімдеді облыс әкімінің орынбасары Ермағанбет Бөлекбаев.
Қазгидрометтің алдын ала болжамы бойынша наурыздың ортасынан бастап күн жыли бастайды.
- Алдағы көктемгі су тасқыны уақыты төтенше жайттарсыз өтеді деп үміттенеміз. Дайындық жақсы, техника бар, - деп атап өтті Ермағанбет Бөлекбаев.
Республикалық тасқынға қарсы оқу-жаттығуларда басты назар алдағы уақытта өткізілетін өзен арналарын, су өткізу құбырларын тазарту, жағалауды бекіту және жарылыс жұмыстарына аударылып отыр.
ТЖД бастығы Ыбраһым Күлшімбаевтың айтуынша, тасқынға дайындық өткізу үшін облыста арнайы топ құрылған.
- Ол топта 6000 астам жеке құрам адамдары және 2500 жуық арнайы техника бар. 2018 жылы қосымша техника сатып алынды – жол талғамайтын көлік, өрт сөндіру бөлімшелері үшін арнайы көліктер, қайықтар. Сонымен қатар су тасқынының салдарын жою үшін 106 саз сорғыштар алынды, - деп түсіндірді Ыбраһым Күлшімбаев.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.