Новости области
Қарағандылық аграрлар егістік алқабын 60 мың гектарға ұлғайтады

Қарағанды облысында көктемгі егістік науқанына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Техникалар 100 пайыз дайын. Қажетті тұқымдар мөлшері әзірленген. Арзандатылған жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселелері шешіліп жатыр.
Ауылшаруашылығы басқармасының мәліметінше, осы жылы облыста көктемгі егіс 969,7 мың га аумаққа жүргізіледі деп жоспарлануда. Өткен жылмен салыстырғанда егістік алқабы 60 мың гектарға дейін үлкейеді. 885 гектарға дәнді-дақылдар және бұршақ дәнділер себіледі, яғни 52 мың га қосылады.
Әртараптандыру жоспары бойынша аграрлар бидай, арпа, сұлы, және жем-шөп егеді.
9 600 гектарға картоп, 1500 гектарға көкөніс отырғызу жоспарланған.
Көктемгі егістік науқанына көп ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылады. Аппараттық жиында облыс алқаптарына 9 600 трактор, 168 егу кешендері және 6 100 бірлік тұқым сепкіш шығатыны айтылды.
Бұл маусымда көптеген жерлер құнарландырылады. 6000 минералды тыңайтқыш алу жоспарланып отыр.
Ауылшаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша, арзандатылған жанар-жағармайға деген сұраныс 18 мың тоннаны құрайды. Оны бөлу және беруде жаңашылдықтар енгізілген. Осы жылдан бастап ол жұмыстар электронды форматта жүзеге асады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер егін егу және жинау жұмыстарына мемлекеттік қолдау тетіктерін пайдалана алады. Субсидияға 2 млрд.теңге қарастырылған.