Новости области
Қарағандыда су құбырын жөндеуге байланысты Ерубаев көшесіндегі жол жабылады

Сәуірдің 8-нен 26-на дейінгіә аралықта «Қарағанды Су» ЖШС су құбыры желілерін ауыстырады. Осыған байланысты Ерубаев көшесінің Н. Әбдіров даңғылынан Әлиханов көшесіне дейінгі бөлігіндегі жолмен жүру қиындайды.
КҚарағанды қаласы әкімдігінде мәлімделгендей, жөндеу жұмыстары кезінде жол толығымен жабылмайды. Көлік қозғалысы бір жолақ арқылы жүзеге асырылады.
- Аталмыш су құбыры желісінен су алып отырған үйлердің барлығында су болады. Жөндеу жұмыстары Ерубаев көшесінің Н. Әбдіров даңғылы жағынан басталады. Сонан соң Әлиханов көшесіне қарай жылжиды, - деп мәлімдеді «Қарағанды Су» ЖШС.
Диаметрі 315 мм, ұзындығы 610 м су құбыры желісін ауыстыру жұмыстары тігінен бағыттап бұрғылау әдісімен жүргізіледі.