100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағандылықтарды «Жаппай диктант» жазуға шақырады

Қарағандылықтарды «Жаппай диктант» шарасына қатысуға шақырады. Осы жылы ол Қарағандының сегіз және Теміртаудың екі алаңында өткізіледі.
Шараға тіркелу Қарағанды медициналық университетінің, Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін балаларға арналған арнайы кітапханасының, «Познайка» мектепке дейінгі білім академиясының, «Эргономика» ҒӨФ ЖШС-нің үш аудиториясында ашылды. Senator қонақ үйінде және «Согласие» орыс мәдени орталығында орын аяқталды.
Биыл шараға қатысушыларға әдеби сыншы, Ресей Жазушылар Одағының мүшесі, қазылар алқасының тұрақты мүшесі, А. Солженицын және Максим Горькийдің толық цензуралық емес өмірбаянының авторы Павел Басинскийдің мәтіні оқылады. Мәтіннің бір бөлігін автор өзі бейнекөрсетілім арқылы оқиды. Басқа бөлімді шақырылған филологтар, актерлер, теле және радиожүргізушілер оқып береді.
Қарағанды медицина университетінде сондай-ақ шетелдіктер орыс тілін омеңгеруі үшін әзірлен TRUD тестісінен өтуге болады.
Диктантқа қатысу үшін мына сілтеме бойынша өтініш беруге болады https://totaldict.ru/karaganda/?city=6928#/stages ескерту.
Диктант 13 сәуірде сағат 14:00-де өтеді. Қатысу тегін.
Өткен жылы Қарағанды облысында «Жаппай диктантқа» 796 адам қатысты: 518 адам Қарағандыда, 226 адам Шахтинскіде диктант жазды. 52 адам TruD сынағына қатысты. Оны «үздік» беген бағамен 11 адам жазып шықты. Шахтинскіде 19 және Қарағандыда 13 адам жаппай диктанттың үздіктері атанды.
Жалпы диктант 2004 жылы Новосібір мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультетінің «Глум-клуб» студенттік акциясы ретінде өтті. 2016 жылға қарай акция Дүниежүзілік ауқымға ие болды.
Биылғы жылы диктант бір мезгілде 80 елдің 1112 елді мекенінде жазылатын болады.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.