Новости области
Қарағанды облысында әлеуметтік желілердегі таратылымдар мен жазбаларды тексеру үшін телеграм-арна іске қосылды

Қарағанды облысында мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі жіберулерді тексеру үшін stopfake09 телеграм-арнасы іске қосылды. Оның көмегімен кез келген пайдаланушы ақпараттың қаншалықты шынайы екенін анықтай алады.
Арнаға келесі сілтеме бойынша жазылуға болады: t.me/Stopfake09. Мұнда жалған таратылымдар туралы өзекті ақпарат жарияланады. Кез келген жаңалықтың растығын келесі форманы толтыра отырып тексеруге болады.
Тексеру сервисі кез келген уақытта жіберілетін ақпараттың шынайылығына көз жеткізуге және жалған хабарламалардың санын қысқартуға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Қылмыстық кодексінде «қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не болмаса қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне БАҚ немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып елеулі зиян келтіру қаупін туғызатын жалған ақпарат таратқаны үшін» жазалау бабы қарастырылған. Осы бапты бұзушыларға екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе шектеу немесе 5 000 АЕК мөлшерінде айыппұл (биыл 12 625 000 теңгені құрайды) салынады.