Новости области
Қарағанды облысында Абай ауданының киелі жерлері туралы кітап пен археологиялық картаның тұсаукесері өтті
Абайда тарихшы Түлкібай Түлеуовтың монографиясы мен археологтар Игорь және Алексей Кукушкиндердің «Қарағанды облысы Абай ауданының археологиялық картасының» тұсаукесері өтті. Онда сонымен қатар «Абай ауданының киелі жерлері» атты электронды кітап та ұсынылды.
Монографияда, кітаптағы тәрізді Қазақстан тарихында саяси оқиғалармен байланысты тарих, археология, табиғи мұра мен орындардың ескерткіштері тіралы жазылған.
Барлығы Абай ауданында түрлі дәуірлерге жататын 162 археологиялық ескерткіштер бар. Олардың арасындағы ең маңыздысы – 1933 жылы табылған Дандыбай моласы. Оның табылуының арқасында ғалымдар жеке андрон мәдениетінің беғазы-дандыбай кезеңін бөле алды. Сонымен қатар аудан аймағында 34 мола бар, оның ішінде Жыланды және Қоржар. Ғылыми монографиядан Абай ауданында орналасқан археологиялық ескерткіштер туралы және олардың сипатын білуге болады.
«Абай ауданының киелі жерлері» атты электронды кітапта төрт бағыт ұсынылған: ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері, археологиялық ескерткіштер және сәулет ескерткіштері, тарихи тұлғаларға қатысты қасиетті орындар, саяси, тарихи оқиғаларға байланысты қасиетті орындар. Кітапта жергілікті өлкетанушылар берген, ғалымдар басылымдары, тарихи және өлкетану әдебиеттерінің материалдары пайдаланылған.
Кітап пен монографияда жазылған көптеген жерлер бүкіл Қазақстан үшін киелі болып саналмайды, алайда, Абай ауданының тұрғындары оларды құрметтеп, киелі санайды. Авторлар тізімге Абай Құнанбаев атындағы әдеби мұражайды, қызметтік борыштарын өтеу барысында қаза болған полиция қызметкерлері Александр Истомин мен Алданыш Тайғожиннің құрметіне орнатылған естелік тақтаны, Шерубай су қоймасын, Байдәулет және Қарабас таулары енгізген.
Тұсаукесер аясында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Абай ауданы әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Құжат тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мен насихаттауға бағытталған. 15 ауылдық және кенттік округ әкімдері Сақтау міндеттемелеріне қол қойды.
Сондай-ақ кездесуге қатысушылар Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен «Сарыарқа» археологиялық институты ұйымдастырған көрмені тамашалады.