100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағанды облысында «Аманат» азаматтық тұғырнамасы жұмыс істей бастады

Қарағанды облысында сайлау қарсаңында қоғамдық бірлестіктер «Аманат» азаматтық тұғырнамасын құрып, өзара бірікті. Қозғалыстың мақсаты –электоралды процестің тәуелсіз мониторингін өткізу болып табылады.
- Азаматтық платформа сайлау процесіне қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында құрылған. Бұл әділ ашық сайлауға мүдделі Қазақстан азаматтарының тәуелсіз және ерікті бірлестігі. Оған қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдері, жастар, сарапшылар, белсенді азаматтар кірді, - дейді платформа мүшесі Татьяна Абрамова.
Қозғалыс бес бағыт бойынша жұмыс істейтін болады: «сайлау өткізуге дайындық», «сайлаушылардың өз құқықтары туралы хабардар болуы», «адалдық», «ашықтық» және «ынтымақтастық». Жұртшылық халықаралық ұйымдармен, ОСК және жергілікті жерлердегі сайлау комиссияларымен, азаматтық сектормен және басқа да құрылымдармен ынтымақтасуға ниетті.
Платформа мүшелерінің айтуынша, жұмыс ашық диалог ретінде өтетін болады. Әрбір сайлау учаскесінде тәуелсіз бақылау және ақпарат алмасу желісін құру жоспарлануда.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.