100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағанды облысы Полиция Департаментінің бастығы тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы қызметіне полиция полковнигі Ерлан Файзуллин тағайындалды.
Жаңа бастықты ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев және облыс әкімі Ерлан Қошановпен таныстырды.
Ерлан Файзуллин 1973 жылы туған, білімі жоғары. Құқық қорғау органдарында 1995 жылғы қыркүйектен бастап орта және аға басшы құрамның түрлі жедел лауазымдарында қызмет еткен.
Қостанай облысы ІІД Федоров аудандық полиция бөлімінің бастығы, осы департамент бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.
2018 жылдың желтоқсанынан бастап Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.