100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Ерлан Қошанов ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы Олег Сосковецпен кездесті

Қарағанды облысының әкімі Олег Сосковцпен кездесті. Ол Қарағандыға Президент сайлауы қарсаңында ТМД Миссиясынан халықаралық байқаушы ретінде келді. Ерлан Қошанов қонақты қарсы алу барысында Олег Сосковец Қарағанды аймағында дауыс беруді осыған дейін де бақылағанын атап өтті.
- Біздің барлығымыз үшін еліміздің кезектен тыс Президент сайлауы - бұл үлкен маңызды оқиға. Жергілікті атқарушы билік ретінде біздің міндетіміз облыстың әрбір тұрғынына алдағы сайлауда өздерінің конституциялық құқығын пайдалануға мүмкіндік беру, - деді Ерлан Қошанов. - Біз сайлау ашық және ереже бұзу деректерісіз өтетініне сенімдіміз. Және сіз ТМД бақылаушысы ретінде жақсы баға бересіз деген ойдамыз.
Ерлан Қошанов өңірдегі дауыс беру қалай ұйымдастырылатынын айтты. Облыс бойынша 787 учаске жұмыс істейтін болады. Сайлаушылардың тізімі жасалып, 930 мың адам есепте тұр. Облыс әкімдігінің сайтында әрбір тұрғын өзін және отбасы мүшелерін Жалпы деректер базасында тексере алады.
Сайлау учаскелерінде ерекше қажеттіліктері бар келушілерге ерекше көңіл бөлінді, пандустар орнатылды. Дауыс беруге арналған үй-жайлар үздіксіз байланыспен, электр қуатымен және сумен қамтамасыз етілген. Әрқайсысында барлық қажетті анықтамалық ақпарат бар.
Қарағандыда сайлау барысын қадағалайтын шетелдік байқаушыларға және шетелдік БАҚ өкілдеріне арналған орталық жұмыс істейді. Оларға аймақ бойынша трансфер, жұмыс және баспасөз конференциялары үшін қолайлы алаң ұсынылады.

 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.