100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Облыс әкімі ШЫҰ бақылаушылар миссиясының мүшесімен кездесті

Қарағандыға халықаралық бақылаушылар келеді. Бүгін облыс әкімі Ерлан Қошанов ШЫҰ бақылаушылар миссиясының мүшесі Кришна Кенгаппен кездесті.

Шетелдік өкіл сайлау учаскелеріндегі жұмыспен танысып үлгергенін мәлімдеді. Оның айтуынша, сайлау орындарына қатысты ескертулер жоқ, дауыс беруге барлық жағдай жасалған. Кришна Кенгапп сондай-ақ сайлау комиссиясының бақылаушылармен ынтымақтастығын бағалап, оған оң баға берді. Өз кезегінде Ерлан Қошанов облыстың әрбір тұрғынына алдағы сайлауда дауыс беру конституциялық құқығын пайдалануға мүмкіндік жасау - жергілікті атқарушы биліктің міндеті екенін атап айтты. Барлық учаскелер материалдық-техникалық қажеттіліктермен жарақтандырылған, толық дайындалған және бүгінгі күні проблемалы мәселелер жоқ.

Қазақстан Президенті сайлауының дауыс беру барысын ЕҚЫҰ, ТМД, ШЫҰ, Парламентаралық Ассамблея миссияларының мүшелері қадағалайтын болады. Бүгінгі таңда барлығы 42 адам тіркелген. 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.