100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Облыс тұрғындарына бизнесті мемлекеттік қолдау құралдары туралы баяндалады

20 маусымда Nur Otan партиясы облыстық филиалының ғимаратында жұмыс әрекеттегі бизнесі бар кәсіпкерлер мен өз ісін ашқысы келетіндерге арналған форум өтеді. Қатысушыларға бизнесті мемлекеттік қолдау құралдары туралы ақпарат беріледі. Іс-шара «Еңбек» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында өтеді. Форум сағат 15.00-де басталады.

Форумды ұйымдастырушы - Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы. Оған мемлекеттік органдардың, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының және екінші деңгейдегі банктердің өкілдері қатысады.
Шараға жұмыссыздар (халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелмегеніне қарамастан); кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар; ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер; әрекеттегі бизнесі бар кәсіпкерлер; шаруа қожалықтары және ауыл шаруашылығы кооперативтерінің мүшелері қатыса алады.
Форумға қатысу үшін өтінім немесе қатысушылардың тізімін мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: [email protected] немесе 8 (7212) 50-64-16 нөміріне қоңырау шалу керек.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.