100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағанды мамандандырылған ХҚКО-дағы ағымдағы жағдай туралы

Соңғы 3 күнде Қарағанды мамандандырылған ХҚКО күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бұл ҚР ІІМ 1 шілдеден бастап жаңа веб-модульді іске қосуына байланысты орын алды. Бұл мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің іркілісіне және бүкіл Қазақстан бойынша мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс ырғағының  бұзылуына алып келді.

Қарағанды облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы қалыптасқан жағдайға байланысты кезекті босату жөнінде бірқатар шараларды қабылдады.

Мәселен, арнайы ХҚКО-да құжаттарды қабылдау бойынша жұмыс орындарының саны артты, портал арқылы автокөлікті тіркеу және egov.kz жүйесі бойынша  өзіне-өзі қызмет көрсету секторларына жүргізуші куәліктерін беру бойынша қызметтерді ресімдеу үшін қосымша кеңесшілер  бөлінді. Көрсетілетін қызметті алушыларға тегін ауыз су мен салқын сусын таратылуда. Мамандандырылған ХҚКО соңғы клиентке дейін жұмыс істейді.

Арнайы ХҚКО-ның жұмысы ҚР ІІМ ақпараттық жүйені орнатқаннан кейін бір жолға қойылады.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және азаматтардың бұл жағдайға түсіністікпен қарауларын сұраймыз.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.