100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Ауыл тұрғындары үшін медсақтандыру жүйесінің арқасында медициналық қызметтер қолжетімдірек бола түсті

Абай ауданының 100-ден астам тұрғыны осы айдың басынан компьютерлік томографиядан тегін тексеруден өтті. Орталық аудандық ауруханада пациенттерге оңалту емі жүргізіледі, ал медициналық мекеменің салалық мамандары анықталған патологиясы бар оқушыларды тексеру үшін ауданның барлық ауылдарын аралап шықты. Осының барлығы медициналық сақтандыру жүйесінің пилотық жобасы шеңберінде бөлінген қосымша қаражаттың арқасында мүмкін болды.

Абай ауданының орталық ауруханасының емделушілері енді Топар кентінде оңалтудан өту мүмкіндігіне ие болды. Медициналық мекемеде тәулік бойғы стационар - кардиологиялық бағыттағы, неврологиялық, мейірбикелік күтім және паллиативтік көмек көрсетілетін орындар ашылды. Емделушілерге массаж және ЕДШ курсынан күндізгі стационарда өтуге болады. Ауруханаға медициналық сақтандыруды енгізудің пилоттық жобасы аясында 2,6 млн теңге бөлінді. 2020 жылдан бастап медицина қызметкерлері емханада да, үйде де оңалту қызметтерін көрсететін болады. Аудандық аурухананың директоры Наталья Беланның айтуынша, бүгінгі таңда қалпына келтіру емін қажет ететін адамдар саны көп.
- Бізге әлі де жабдықтар сатып алу қажет. Осыдан кейін, қосымша, амбулаториялық деңгейде де оңалтуды бастаймыз. Бідің аудандық ауруханада оған деген қажеттілік бар. Емделушілер өте қуанышты болады. Бұрын олар Қарағандыда оңалтудан өтті, ал мұнда барлығы үйден алыс емес, ешқайда барудың қажеті жоқ, - деп қосты Наталья Белан.
Медициналық мекемеге өз бетінше жете алмайтын адамдарға дәрігерлер өздері келеді. Медбике Бердігүл Альпламда учаскіге тіркелген 1407 тұрғынның 75-і аз қозғалатын науқастар. Ол емханада қабылдау өткізген соң күн сайын 4-5 адамды аралап шығады. Василий мен Лидия Агеевтердің үйіне Бердыгүлдің 7 жыл бойы жиі келіп отырады. Василий Васильевичтің жүрегі ауырады – оған қан тамырына дәрі егіп, тегін дәрілерін алып келу керек.
- Медбике біздің барлық өтінішімізге бірден жауап береді. Және талдаулар қажет болған жағдайда үйден келіп алады, қан қысымымызды, қант, холестеринді өлшейді. Медбикеміз барлығына да осындай жылы шырай танытады. Көршілер де оған риза, - дейді Топара тұрғыны Лидия Агеева.
Аудан тұрғындары онкологияға күдік туындағанда, созылмалы аурулар кезінде компьютерлік томографиядан тегін өту үшін медициналық ұйымға тағы 3,4 млн теңге бөлінді. Бұл мүмкіндікті 100-ден астам аудан тұрғыны пайдаланды.
Топар кенті мен жақын ауылдар тұрғындарының кәсіби тексерулерімен қамтылуы да артты. Бұрын дәрігерлер ауылдарға жылына екі рет барып тұратын. Осыдан кейін патологиялары анықталған тұрғындар өздері аудандық ауруханаға қаралуға және емдеу үшін келуі тиіс болатын. Енді қандай да бір себептермен мұны істей алмағандарға салалы мамандар өздері барады. Қазан айының басынан дәрігерлер барлық ауылдарда болып қайтты.
- Оқушыларды Топарға апарудың қажеті жоқ. Біздің мамандар келіп, қарап шығады, сол кезде анализдер алады. Дәрігер қорытынды жасайды және ем тағайындайды. Бұрын дәрігерлер тек кәсіби тексерістер өткізу үшін ғана шығатын, ал ем тағайындау қағаздарын алу үшін науқастардың өздері келетін, кейбірі өздері де келмей, балаларын да алып келмейтін. Енді біз халықтың осы бөлігін қамтитын боламыз, - дейді Наталья Белан.
Абай ауданының орталық ауруханасына медициналық сақтандыруды енгізудің пилоттық жобасы аясында 36 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.
- Біз үшін пилотқа бөлінген ақша айтарлықтай қомақты. Жыл соңында бізге үнемі ақша жетіспейтін. Біз барлығын игеріп, жалақы төлейміз, жылды нәтижелі жабамыз және пациенттерді оңалту үшін қажетті жабдықтарды сатып алуға бізде әлі де ақша қалады деп есептейміз, - деп атап өтті аудандық аурухананың директоры.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.