100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағанды облысының әкімі мен ҚР-ғы Өзбекстан елшісі ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Өзбекстан Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті. Ресми қабылдауда экономикалық және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
- Өзбекстан Республикасы Орта Азия елдері арасында Қазақстанның сыртқы экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. Қарағанды облысы өнімдерді әлемнің 50-ден астам еліне, соның ішінде Өзбекстанға да экспорттайды. 2018 жылы облыстың сыртқы сауда айналымы сіздердің елмен 247 млн АҚШ долларын, ал 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында 134 млн АҚШ долларын құрады. Біз өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға мүдделіміз, - деді Жеңіс Қасымбек.
Облыста өзбек серіктестерінің қатысуымен 22 кәсіпорын бар. Олар өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көтерме және бөлшек сауда, көлік және қоймалау салаларында жұмыс істейді.
Облыс әкімі өткен жылы Қарағанды делегациясы Шымкентте өткен Қазақстан мен Өзбекстанның аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысқанын еске салды. Бұл кездесуде Қарағанды облысы Самарқанд, Ташкент, Жизақ облыстарымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Аймақ басшысы елшіден уағдаластықтарды белсенді іске асыру үшін көмек көрсетуді сұрады.
Мал шаруашылығы мен логистикада ынтымақтастықтың үлкен әлеуеті бар, деп есептейді Жеңіс Қасымбек.
Кездесуде сондай-ақ жоғары білім берудегі ынтымақтастық мәселелері де қозғалды. Қарағанды облысының университеттерінде бүгінгі таңда Өзбекстаннан келген 500-ге жуық студент білім алуда. Бұл болашақ инженерлер, дәрігерлер, экономистер және басқа да мамандар.
- Менің сапарым біздің елдеріміздегі өңірлердің екіжақты ынтымақтастығын дамытуға бағытталған. Облыс әлеуетін зерделеп, бағдарламаны одан әрі пысықтайтын боламыз. Қарағанды облысында өз кәсіпорындарын құрған Өзбекстан азаматтары жұмыс істейді,-деп атап өтті Саидикрам Ниязходжаев мырза. - Өткен жылы Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 3 млрд АҚШ долларын құрады. Осы жылдың көрсеткіштері жақсы. Айта кету керек, Қазақстан жоғары қосылған құны бар тауарларды – бұл металлургия мен химия өндірісінің өнімдерін жеткізетіні қуантарлық. Сондай-ақ ет-сүт өнімдері, көмір, ферроқорытпалар жеткізіледі.
Дипломат ынтымақтастықтың әлеуеті зор екеніне сенімді. Оның пікірінше, Өзбекстаннан Қарағанды облысына көкөніс және жеміс-жидек өнімдерінің ағынын арттыруға мүмкіндік бар.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.