100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағандылық салық қызметкерлері әр дүйсенбі сайын кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бизнесмендермен кездеседі

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсететін болады. Мұнда әрбір кәсіпкер бухгалтерлік және заң, салық және кеден мәселелері, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары, қаржы институттарымен жұмыс және "Даму" Қоры мен "ҚазАгроКепіл" АҚ несиелеу шарттары бойынша тегін кеңес ала алады. Сондай-ақ "Теплотранзит" ЖШС, "Қарағанды Су" ЖШС, "Қарағанды Жарық"ЖШС қызметтерін алу бойынша өзекті сұрақтарға жауап алады.

2020 жылы Қазақстанда салық салуда үлкен өзгерістер болады. Бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) пайдаланбауға жеңілдіктер алынып тасталады. Барлық аппараттар онлайн болуы керек, яғни деректерді фискалды түрде жіберу қажет болады. Бүгінде БКМ мемлекеттік кіріс басқармасында тіркеу қажет емес. Қарағанды облысының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында Ермеков көшесі, 29 мекен-жайы бойынша бақылау-кассалық машиналарды тегін тіркеуге көмектеседі.

Сонымен қатар, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында салық органдарының қызметкерлері әр дүйсенбі сайын салық заңнамасын түсіндіру үшін бизнесмендермен кездеседі.

Сондай-ақ, Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының филиалдарында, егер Интернетке қосылудың техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда, кәсіпкердің бақылау-кассалық машиналарын тіркеу бойынша іс-әрекеттері мен қолдану тәртібі туралы баяндалады.

Толық ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7212) 54-64-12. 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.