Күн сайын Қарағанды облысының су қоймаларында ТЖ департаментінің қызметкерлері алдын алу іс-шараларын өткізуде. Құтқарушылар қысқы су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы жадынамалар таратады және мұз астындағы балық аулау әуесқойларымен әңгімелейді.
Қарағанды облысында қысқы маусым басталғалы өзендер мен көлдерде бірнеше оқиғалар тіркелді. Іздестіру-құтқару операциялары кезінде 6 балықшы құтқарылды. 2 адам қаза тауып, 2 адам табылды. Оқиғаның негізгі себептері-мұзда қауіпсіздік шараларын сақтамау.
Алдын алу жұмыстары облыс тұрғындарынан оң пікір алады. ТЖД Инстаграмм парақшасында балық аулауды ұнатушылардың бірі өз пікірін білдірді: "Бүгін күні су айдынындағы қауіпсіздік шаралары туралы жаднамалар таратты. Маған да төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігін айтып берді. Федоров су қоймасында бақылау жүргізіп жатқандары үшін үлкен рахмет айтқым келеді, Мен онда қыста және жазда жиі балық аулаймын. Жазда қайықта балық аулау кезінде құтқарушылар әрдайым келіп, кеудешенің бар-жоғын тексереді, көңіл-күйдің қалай екенін сұрайды және күннің астында қызып кетпеу керектгін ескертеді. Қысқы мерзімде қауіпсіздік туралы жадынамалар таратылды. Ең бастысы, мен жеке өзім су қоймасына батып кеткен адамға алғашқы көмек көрсеткенінің куәсі болдым. Жігіттер өз ісінің кәсіпқойлары. Сіздер үлкен құрметке лайықсыздар. Біз туралы алаңдаушылық білдіргендеріңіз үшін үлкен рахмет".
ТЖД қызметкерлері түнгі уақытта балық аулауға жол берілмейтінін ескертеді. Дауылды ауа райында және жеке құтқару құралдарынсыз суға шығуға тыйым салынады. Балық аулау кезінде шектеулі алаңда көп шұңқырларды тесіп, үлкен топтармен жинауға болмайды. Балық аулауға дайындалу барысында ауа райы, желдің күші мен бағытын білу қажет. Және әрбір балықшының құтқару құралдары болуы қажет.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша