Қарағанды облысының 4 мыңнан астам тұрғыны БЖТ (бірыңғай жиынтық төлем) төледі. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысудың мұндай түрін репетиторлар, күтушілер, жеке қосалқы шаруашылықтардың иелері және басқа да өз бетінше жұмыспен айналысушылар таңдады.
Олар ай сайын 2651 теңге (қала тұрғындары үшін 1 АЕК) және 1326 теңгеден (ауыл тұрғындары үшін 0,5 АЕК) төлейді. БЖТ тұрақты төлеген кезде олардың барлығы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне ғана емес, сондай-ақ консультациялық-диагностикалық қызметтер мен жоғары технологиялық операцияларды қарастыратын МӘМС пакетіне де тегін қол жеткізе алады.
КІМДЕР БЖТ ТӨЛЕУШІ БОЛА АЛАДЫ?
Келесідей азаматтар:
• Жеке тұлғаларға қызмет көрсететін
• жеке қосалқы шаруашылықтан өнім сататын
• өз өндірісінің өнімдерін сататын
Сонымен бірге:
• жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген
• жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтындар
БЖТ ТӨЛЕУШІЛЕР БОЛЫП ТАНЫЛМАЙДЫ
Келесі адамдар:
• сауда орталықтарының, дүкендердің аумағында коммерциялық қызметті жүзеге асыратын
• бөлімдерді жалға алатын
• мүлікті жалға беретін (тұрғын емес)
• жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, сот орындаушылары, кәсіби медиаторлар
• оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар;
• тіркелген жеке кәсіпкерлер.
БІРЫҢҒАЙ ЖИЫНТЫҚ ТӨЛЕМ ҚАЛАЙ БӨЛІНЕДІ
• Зейнетақы аударымына 30%
• 40% - медициналық сақтандыру қорына
• 20% - әлеуметтік сақтандыру
• 10% - жеке табыс салығы
БЖТ ҚАЙДА ТӨЛЕУ КЕРЕК:
• банктер
• «Қазпошта» АҚ кассалары
• Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы
- «Сақтандырылған» мәртебесі төлемдерді үш ай тұрақты төлеп отырған соң пайда болады. Қазір 2020 жылдың 31 наурызына дейін елдің барлық тұрғындары «шартты түрде сақтандырылған», кейін ол мәртебе төлемдердің тұрақтылығына байланысты болады. Бұл ретте өтіп кеткен кезең үшін БЖТ төлеуге болмайтынын атап өту керек. Егер қандай да бір себептерге байланысты азамат 1 ай төлемді жіберіп алса, онда ол әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына БТЖ-ның 5%-ын дербес төлеуші ретінде төлей алады, қазір бұл 2125 теңге. Сол кезде мәртебесі сақталады. Одан әрі де мәртебеден басқа зейнетақы өтілі, табыс салығы, әлеуметтік сақтандыру жүргізу үшін БЖТ төлеуді жалғастыруға болады, - деді Медициналық сақтандыру Қоры Қарағанды филиалының бөлім басшысы Светлана Щеткина.