100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағанды облысының әкімдігіне қандай мәселелермен жиі келеді

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Келушілер коммуналдық және әлеуметтік мәселелерді шешуде көмек сұрап келді.

«Отан Қорғаушылар» ҚБ басшысы, қарағандылық Әбілда Әбдікәрімов чернобыль апатының және ауған соғысының ардагерлері бас қосатын клуб ашқысы келеті туралы айтты. Ол клуб үшін Көгілдір тоғандар шағын ауданындағы үйлердің біріндегі жертөледен үй-жай беруді сұрады. Жеңіс Қасымбек өз кезегінде ғимаратты конкурстық негізде беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Әкімге қабылдауға келген тұрғындардың сұрақтары коммуналдық салаға, жылу және сумен қамтамасыз ету сапасына қатысты болды. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына арналған тұрғын үй алу мәселесі де өзекті болды. Биыл құрылыс көлемін 1,5 есеге арттыру жоспарланып отыр. Жыл сайын өңірде кезекте тұрғандар 1000 отбасы пәтер алады.
Күн сайын облыс әкіміне халықтан 25-ке жуық сұрақ келіп түседі. Тұрғындар көбінесе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, баспана беру мәселелері бойынша жүгінеді, сондай-ақ қарағандылықтарды жер қатынастары, әлеуметтік сала мәселелері толғандырады. Азаматтарды қабылдау тұрақты негізде жүргізіледі.
Бүгін облыс әкімінің орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Олар өңір тұрғындарына кеңес беріп, олардың мәселелерін шешуге көмектесті.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»