Қарағанды емханаларында оңалтудың 3-ші кезеңінен өтуге болады. Отбасылық амбулаториялардағы медициналық көмектің бұл түрі медициналық сақтандыру жүйесінің арқасында пайда болды. Ол емдеу нәтижесін бекіту, ағзаны қалпына келтіру, созылмалы және туа біткен аурулар жағдайын жақсарту үшін қажет.
Оңалтудың 3-ші кезеңі аурудың соңғы кезеңінде жүргізіледі. Медициналық сақтандыру жүйесін енгізгенге дейін пациенттер оңалтудың екі кезеңінен өте алатын: біріншісі – стационарда, екіншісі-мамандандырылған орталықтарда. Дәрігерлер үшінші кезеңнің қажет екенін айтады, себебі көбінесе үйде емделушілер өздерін әрі қарай қалпына келтіру үшін дәрігерлердің нұсқаулықтарын орындамайды.
Қарағандының № 1 қалалық көпсалалы ауруханасының емханасында балалар мен ересектер үшін оңалтудың 3-ші кезеңін енгізу 2019 жылдың қарашасында басталды. Ол үшін ЕДШ залы, массаж және физиопроцедуралар залы жабдықталды. Қазір штатта 2 реабилитолог, ЕДШ жаттықтырушысы және 2 массаж жасаушы бар.
- Біздің оңалту қызметіміз сапалы қызмет көрсету үшін уақыт ағымына сай алға жылжығанын қалаймыз. Енді емханада оңалтудан өтуге болады - бұл өте ыңғайлы. Екінші кезеңді пациенттер орталықтарда, ал үшінші кезеңді тұрғылықты жері бойынша емханада өтеді. Оңалту қызметі үлкен сұранысқа ие, әсресе мектептегі демалыс кездерінде, - дейді «Қарағанды қаласының № 1 көпбейінді ауруханасы» КМК реабилитолог-дәрігері Индира Жұмабекова.
Үш ай ішінде сколиоз, энцефалопатия, БЦП диагноздары және жарақаттары бар көпбейінді аурухананың емханасына тіркелген 40-қа жуық бала физиопроцедуралар, емдік дене шынықтыру курстарынан өтті. Жасөспірім-емделушілерінің жартысынан көбінде сколиозды диагностикалаудан кейін оларды хирург оңалтуға жібереді. Әрбір оңалту курсы 10 күнге созылады және жылына екі рет ұсынылады.
Қарағанды тұрғыны Гүлшат Тұрсынбекованың қызына 2016 жылы ота жасалған. Қыздың туа біткен жамбас шығуы диагнозы бар. Содан бері жылына екі рет бала оңалтудан өтуі керек. Қажетті процедураларды алу үшін анасы қызын Майқұдықтан Михайловка шипажайына апарып отырған. Соңғы курсты өтерде ешқайда барудың қажеті болмады. Пациент барлық қажетті қызметтерін №1 көпбейінді ауруханада алды.
- Бұрын біздің емханада тек физиоемдеуден өтуге болатын. Қазір емдік дене шынықтыру биоптрон да (жарық терапия), массаж да бар. Бізге хирург-ортопед жолдама берді, келесі күні емшараға келдік, - дейді Гүлшат Тұрсынбекова.
№ 1 көпсалалы ауруханада оңалту бөлімшесін жабдықтау жалғасуда. Жақын арада велотренажер мен буындарды біртіндеп дамытуға арналған артромот-тренажерлар орнатылады деп күтілуде. Сондай-ақ, Рефлексотерапия кабинетінің ашылуы жоспарда бар.