100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

Қарағанды облысының ауруханасында ультразаманауи жабдықтар орнатылды

 Бүгін Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков №1 қалалық ауруханада болып, медициналық мекемеде орнатылған су жаңа меджабдықтармен танысты.
Аймақ басшысы бірінші кезекте компьютерлік томограф орнатылған функционалдық диагностика бөлімін аралап көрді. Заманауи аппарат МЖС аясында 270 млн.теңгеге сатып алынған. Aquilion CX томографы Октябрь ауданының 70 мың тұрғынына қызмет көрсететін емхана ғимаратына орнатылған. Жаңа жабдықта тексеруден өту тегін медициналық көмек аясында және ақылы негізде жүргізіледі.
Бір айналымда ренгендік трубка арқылы 128 түсірілім жасауға мүмкіндік беретін бұл заманауи аппарат қарағандылық дәрігерлердің қолындағы жабдықтардың ішіндегі ең жаңасы болып табылады. Ол жүрек-қан тамырлары ауруын тексеруде өзінің тиімділігін көрсетуге қауқарлы.
Бұдан соң облыс әкімі ультрадыбысты диагностика бөлмесінің жұмысымен танысты. Мұнда Affiniti -50 ультрадыбыстық жүйенің заманауи аппараты орнатылған. Айта кету керек, Қарағанды облысы медициналық техника паркын жаңарту бойынша басқа облыстардан көш ілгері тұр. УЗИ жүйенің аталмыш молделі жаппай сатылымға алты ай бұрын ғана түскен болатын.
- Тек осы жылдың өзінде біздің аурухана жаңа жабдықтар жеткізу бойынша 260 млн. теңгенің келісім-шартына отырды. Әкімдіктің қолдау беруінің арқасында қазіргі таңда бұл бағдаралама облысымызға енгізілген. Біз 11 дана меджабдық сатып алдық – бұлар жансақтау бөліміне, эндоскопиялық, урологиялық оталар жасауға, ренген-апараттар, - дейді №1 қалалық ауруханасының директоры Дмитрий Чернов.
Еске сала кетсек, №1 қалалық ауруханасы Қарағанды медициналық университетінің терапия кафедрасы мен хирургиялық аурулар кафедрасының клиникалық базасы болып табылады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.