Новости области
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Қарағанды гарнизонындағы әскери нысандарды аралады

2016 жылдың 24 қарашасында Парламент Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің депутаттары Комитет төрайымы Дариға Назарбаеваның бастауыменҚазақстан Республикасы Қарулы Күштері Қарағанды гарнизонының әскери бөлімдерін аралады.
Жұмыс сапары барысында сенаторлар Икрам Адырбеков, Мұхтар Алтынбаев,Ляззат Киинов Қарағанды гарнизонының құрамалары мен әскери бөлімдерін аралап, әскери гарнизонның жауынгерлік даярлығы, инфрақұрылымы барысымен танысты.
Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінде депутаттар жауынгерлік кезекшілікте тұрған авиациялық техниканы қарап шығып, МиГ-31 тренажерлық кешенінің мүмкіншіліктерімен танысты. Парламент мүшелеріне қару-жарақ, әскери техника мен мүліктің заманауи үлгілері, арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жауынгерлік даярлығы көрсетілді.