100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

Шаханда екі мектеп жөнделеді

 1 қаңтарда жылыту қазандығының жарылуы салдарынан зардап шеккен Шаханның қажеттілігіне облыстық бюджеттен 164,4 миллион теңге бөлінді.
Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сессиясында 2017 жылға арналған бюджетті нақтылау мақұлданды. Шаханда бюджет қаржысына екі мектеп жөнделеді. Осы мақсатта 63 миллион теңге бөлінді.
Сонымен қатар, мемлекет қаржысы есебінен Горная және Чайковская көшелеріндегі жолдар жөнделеді. Барлығы 11,4 миллион теңге жұмсалмақ. Сондай-ақ, 90 миллион теңге «Новодолинка – Шахан - Молодецкое» жолында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталады.
Шахтинск әкімі Сержан Аймақов облыс әкімдігінде өткен аппарат отырысында Шахандағы 14 көп қабатты тұрғын үйдің жертөлесінен шығару туралы жоспарларға тоқталды. Есептеулер бойынша, ол үшін 90 миллион теңге қажет. Заң бойынша бюджет қаржысын пайдалануға болмайды.
«Тағы да бір қайырымдылық қоры құрылды, сонымен жұмыс істейтін боламыз. Сәуір айында бір қазандық шығарылады, қалғанын 1 қарашаға дейін шығару қажет», - деді Сержан Аймақов.

Вернуться к списку новостей

Қарағанды облысындағы су тасқыны 19 Сәуір 09:20
Қарағандыда халықаралық студенттік олимпиадада суперполиглот анықталады 19 Сәуір 09:05
Қарағандыда дизайнерлік киім мен аксессуарлар сатылатын қайырымдылық жәрмеңке өтеді 19 Сәуір 09:00
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»