100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

Қарағандылық полицейлер екі мерекелік датаны атап өтті

Қарағанды облыстық ІІД-де екі маңызды мерекеге - Отан Қорғаушылар күні мен Жеңіс Күніне арналған салтанатты шара өтті.
Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлер мен қызметтік борышын өтеу барысында көз жұмған әріптестерін еске алып, полицейлер Даңқ обелискіне гүл шоқтарын қойды. .
- Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес, ол – сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн. Ұлы Отан соғысындағы аға буынның ерлігін және батырлығын қазақстандықтар ешқашанда ұмытпайды, - деді Қарағанды облыстық ІІД полиция генерал–майоры Мергенбай Жаппаров құттықтау сөзінде.
Қызмет бабында үздік шығып, алдыңғы қатардан көрініп жүрген бірқатар тәртіп сақшылары наградалар алды және алғыс хаттармен марапатталды. ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен 38 қызметкер, ІІД бастығының бұйрығымен 95 қызметкер атап өтілді.
Марапаттау салтанатынан кейін ІІД шығармашылық ұжымы концерттік бағдарламасын көрермен назарына ұсынды. Концерттен кейін ІІД ауласында полицейлерден құралған саптық құрылымдар қаза болған жауынгерлердің портреттерін алып өтіп мәңгі өлмес полк жасағын еске алды.
Мереке алдында Мергенбай Жаппаров Ұлы Отан соғысын 95 жасар ардагері Асылхан Омархановтың үйнде болып қайтты. Майданнан қайтқан соң ол милиция қатарына қызметке тұрған. Отставкаға милиция подполковнигі лауазымымен шыққан. ІІД бастығы ардагерді Жеңіс Күнінің 73 жылдығымен құттықап, сыйлықтарын табыс етті.


Қарағанды облыстық ІІД баспасөз-қызметінің ақпараты бойынша
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.