100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Жеңіс! Бейбітшілік! Еңбек! Мамыр!» көрмесі ашылады

8 мамырда облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Жеңіс! Бейбітшілік! Еңбек! Мамыр!» көрмесі ашылады. Ол бір дегенде үш мамыр мерекелеріне арналады: 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 марым - Отан Қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс Күні.

Көрмеде түрлі ұлт суретшілері салған бейнелеу өнерінің түрлі жанрындағы туындылар ұсынылады. Олардың картиналары көктем, достық, татулық пен ынтымақтастық, бейбітшілік пен махаббат, халықтың бақытқа деген талпынысы, жәнеде Ұлы Жеңіске арналған.

Экспозиция негізінен қарағандылық және қазақстандық суретшілердің көркем және графикалық жұмыстарынан құралған. Дәлірек айтар болсақ, мұнда С.П. Глазковтың салған Кеңес Одағының Ері Мартбек Мамыраевтың портретін, А. Хайдаровтың «Әлия» картинасын тамашалауға болады.

Көрме 13-ші мамырға дейін жалғасады.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.