100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

Қарағанды облысында Отан қорғаушылар Күні мен Жеңіс Күні қалай атап өтіледі

7 мамыр. Басталуы 11.00-де.
Кеншілер Мәдениет сарайының алдында орнатылған LED-экранда барлық ниет білдірушілер «Отар» әскери базасында өтетін жауынгерлік шерудің тікелей көрсетілімін амашалай алады.
Әскери шеру биылғы жылы екі бөлімнен құралады. Бірінші бөлімде Алматы, Астана және 14 облыстарда орналасқан 16 аймақтық әскер бригадаларына жауынгерлік ту табыс ету жоспарланып отыр. Жауынгерлік туды табыс ету құрметі биылғы жылы қала және облыс әкімдеріне берілмек. Ту берілген соң дәстүр бойынша қонақтар мен көрермендер алдындаҚР ӘК Арнайы операция күштерінің, Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының, сондай-ақ аймақтық әскердің 19 әскери қызметкерлері өтеді.
Шерудің екінші бөлімі ерекше және көрнекті болып өтпек. Сценарий бойынша ол бес тактикалық үзінділерден құралады. Оның барысында арнайы жасақ бөлімшесі мен Қарулы Күштердің арнайы операциялар күші авиация, әскери техника, танктер, әскери машиналар және артилериялардың, сондай-ақ аймақтық қорғаныс құрылымдарының қолдауымен шартты заңсыз қарулы құрылымдардың базасын жояды.

7 мамыр. Басталуы 8.00-де.
Балқаш қаласында Астананың 20 жылдығына, Қоңырат ықшам ауданының жылына, Отан Қорғаушылар күніне және Жеңіс Күніне арналған қалалық жеңіл атлетттік жартылай марафоны өтеді. Спорт сайысының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты 13.00-де "Астана" саяжолында өтеді. Шараға қатысуға қала тұрғындары шақырылады.

7 мамыр, 13.00
Жаңа Майқұдық Мәдениет үйінде «Жауынгерлік ерлік балалар көзқарасымен» атты көркем көрме өтеді.

 

8 мамыр, 10.30
Оңтүстік-Шығыстағы Достық үйінің алдында жыл сайын өтетін «Индустриальная Караганда» газетінің сыйлығына арналған жеңілатлеттік эстафета бастау алады.


9 мамыр, жиналу 08.00-де.
"Өшпес полк" шеруі Сәтпаев көшесі мен Гоголь көшесінің қиылысынан басталады.


9 мамыр, жиналуы 09.00-де.

Қарағанды көшелерінің бойымен авто-, мото шеру өтеді. Қоғалыс бағыты: Олимпийская к-сі - Бұқар – Жырау даңғылы – Приканальная к-сі – Республика даңғылы – Гапеев к-сі.

9 мамыр 9.00
Теміртауда Ұлы Отан соғысы жылдары қаза болған жауынгер-самарқандықтарға арналған ескерткіш алдында қалалық тарихи-өлкетану мұражайы "Естелік бейнелер" экспозиция-тарихи оқиға ұсынады.

9 мамыр, 10.00
«Мәңгілік алау» мемориалының алдында "Батырларды мәңгілік есте сақтау" атты митинг өтеді.

9 мамыр, 12.00
Теміржолшылар мәдениет үйінде "Соғыстың қасиетті беттері ғасырлар бойы адамзаттың есінде" атты музыкалық-поэтикалық композиция болады.

9 мамыр 12.00
Жаңа Майқұдық Мәдениет үйінде «Жеңіс күні» мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

9 мамыр 12.00
Молодежный мәдениет үйінде «Ол күндердің данқы өшпейді!» концерті өтеді.


9 мамыр
Оңтүстік-Шығыстағы Жеңіс Саябағында 12.00 және 21.00-де Жеңіс Күніне арналған концертті тамашалауға болады.
22.00-де мерекелік от шашу болады.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.