100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

Қарағандылық пауэрлифтерлер Азия мен әлем чемпионаттарында 22 медаль жеңіп алды

Облыстық кешенді балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері мен жаттықтырушысы пауэрлифтинг бойынша халықаралық біріншіліктерде жақсы өнер көрсетті. Жалпы есепте спортшылар 22 медаль жеңіп алды, оның 17-сі алтын.
Мамыр айының басында Удайпур (Үндістан) қаласында жабдықталған ерлер мен әйелдер арасында пауэрлифтингтен Азия чемпионаты өтті. Біріншілікке 15 елдің қатысушылары бақ сынасты. Қарағанды облысы атынан бес спортшы: Вадим Сасин (+120 келі), Михаил Камалеев (120 келі), Николай Красноносов (105 келі), Роман Ненцинский (83 келі), Иван Бердюгин (93 келі) қатысты.
Азия чемпионатында қарағандылықтар 20 медаль жеңіп алдың, оның 17-сі алтын, 2-і күміс және 1-і қола.
14-19 мамыр аралығында Вантаа (Финляндия) қаласында барлық жастар арасында штанганы жатып көтеру бойынша әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 12 елден 200-ден астам спортшы қатысты. Қарағанды облысы атынан екі балуан қатысты: ОҚ ОМБЖСМ жаттықтырушы-мұғалімі Қараман Абдулкәрім (59 келі) және осы мектептің тәрбиеленушісі Вадим Сасин (120 келі) қатысты. Олардың екеуі де күміс медальді иеленді.
24 жасарАбдулкәрім Қараман 13 жасынан бастап өз әкесі Дәрібай Оспановтың жетекшілігімен спортпен шұғыдануда. Бастапқыда күресті таңдаған, кейін пауэрлифтингке өткен. Бүгінде ол әлем чемпионатының екі дүркін, Азия чемпионатының төрт дүркін, Қазақстанның 19 дүркін жеңімпазы, әлем чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері.
- Біз Ақадыр ауылында тұрамыз, барлық отбасымыз спортпен айналысады. Өзім жасыма қарамастан әлі де өнер көрсетудемін. Ардагерлер арасында әлем вице-чемпионымын. Сол себепті біз ауыл спортын халықаралық деңгейге көтеріп жатырмыз деп айта аламыз,-дейді Дәрібай Қараманұлы Оспанов. – Жақында 70-ке толамын. Барша отбасымызбен Жапонияда өтетін әлем чемпионатына бармақпыз. Мен және үлкен ұлым ардагерлер санатында, Абдулкәрім – ерлер арасында, 12 жасар немерем – жастар арасында өнер көрсетеміз. Отбасылық рекорд орнатқымыз келеді.
18 жасар Вадим Сасин Теміртауда тұрады, № 23 мектептің түлегі. Ол Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің дене шынықтыру факультетіне түспек ниетте.
Ол пауэрлифтингпен жаттықтырусы-мұғалімі Максим Гусиктің жетекшілігімен айналысуда. Азия чемпионы, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері.
- Менің әкем – ауыр атлетика бойынша СССР-дің спорт шебері, мен екі жасымнан бастап оның жетекшілігімен спортпен айналысудамын. Алғашқы менің құралдарым гантельдер болды. 14 жасымнан бастап пауэрлифтингке келдім. Қазір менің ең көп сығымдап көтеруім – 150 келі,-дейді Вадим Сасин.-Финляндияда өткен әлем чемпионатында бірінші орынды көздегем, алайда жарақатым мен қобалжуыма қатысты ол ойым іске аспай қалды. Бақ талас болды, қарсыластар мықты болды, сондықтан «күмісті» қанағат тұттым.
 

Вернуться к списку новостей

Жезқазғанда 2018 жылы су тарату құбырлары қалыпқа келтіріледі 06 Маусым 12:37
Ұлытауда шілдеде «Жезкиік» І Халықаралық фольклорлық ұжымдар фестивалі өтеді 06 Маусым 11:54
Қарағандының ЖЭО-1-де лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтіп жатыр 06 Маусым 11:21
Тоғызқұдық ауылдық округінде 31 - мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтті 04 Маусым 17:00
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»