Новости области
Қарағандының орталық даңғылы бойынша өткен музыкалық шеруге 5000 астам оқушылар мен студенттер қатысты

Қарағанды облысында 1-ші маусым күні Астананың 20 жылдығына арналған жастар мен балалар музыкалық ансамблдерінің шеруі өтті. Жалпы республикалық мерекенің бастамашысы ҚР Білім және ғылым министрлігі.
Мұндай музыкалық шеру облыста осымен екінші рет өткізілуде. Ұйымдастырушылар – Облыстық білім басқармасы мен Қарағандының білім бөлімі, және «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы.
Биыл өңіріміздің барлық қалалары мен аудандық орталықтарында бір мезетте музыкалық саптар шеруі өтті. Жалпы есептегенде шеруге 18 000 адам қатысты.
Қарағандыда шеру Тәуелсіздік алаңынан басталып, Орталық мәдениет және демалыс саябағында мәреге жетті.
Бұқар жырау даңғылы бойынша музыкамен 5000-нан астам мектеп оқушылары мен студенттер: дабылшылар жасақтары, үрмелі және шекті аспаптар ансамбльдері, мажереткалар мен черлидерлер, би және хор ұжымдары сап түзеп өтті.
- Бүгін біз Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтіп жатырмыз. Бұл балалық шақ, достық және жазғы көңіл-күй мерекесі. Облысымызда 380 мыңнан астам бала өмір сүреді,-деді музыкалық шеруге қатысушыларды құттықтаған сөзінде Қарағанды облысы білім басқармасының жетекшісі Есенғазы Иманғалиев. – Бұл күні республика бойынша бір мезетте жастар мен балалар музыкалық ансамблдерінің шеруі өтуде. Сіздердің әрқайсыңыз – барлық бөлігі бірге қозғалатын біріңғай механизмнің бөлшегісіздер. Біз Мемлекет басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасында атап өткен негізі рухани, патриоттық тәрбиеде жатқан гүлденген, дамыған мемлекетке қарай жылжудамыз.