100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

Қарағанды облысының әкімі кадрлық тағайындаулар жасады

Қарағанды облысында үш басқарма басшылары тағайындалды. Кадрлық өзгерістер туралы актив жиынында өңір басшысы Ерлан Қошанов мәлім етті.
Конкурстық таңдау арқылы тағайныдалғандар: Ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісі болып – Апақашов Сағынжан Апақашұлы; Ветеринария басқармасының жетекшісі болып – Тұрсынбеков Қайырбек Серікұлы; Дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі болып – Карпов Дмитрий Васильевич тағайындалды.



Облыс әкімі жаңадан тағайындалған жетекшілер алдында тұрған жаңа міндеттерді атап өтті. Ауыл шаруашылығында – ол инвестиция мен еңбек өндірісін, экспорт потенциалын арттыру және инфляциялық үрдістерді бақылау. Ветеринария саласындағы басты мәселе – жануарларды сәйкестендіру, және де мал ауруларының алдын алу бойынша жұмыстарды күшейту.
- Спорттағы басты мәселе – мен легионерлердің аз болғанын қалаймын, жергілікті спортшылар көп болса деймін. Қомақты қаржы жұмсаймыз, сондықтан осы бағытта жұмыс жасау керек. Ол үшін бүгіннен бастап балалар мен жеткіншектер спортын дамыту керек, - деп атап өтті Ерлан Қошанов.



Сағынжан Апақашов 61 жаста. Үш жоғары білімі бар: Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, Нижегородск әлеуметтік-саяси университетін, Қазақ ұлттық аграрлық университетін : «Экономист», «Саясаттанушы», «Агроном» мамандықтары бойынша бітірген. Қарапайым шопаннан басқарушы қызметтерге дейін көтерілген. Егіндібұлақ аудандық әкімдігінде экономика бөлімін басқарған, «Қаражал» совхозының директоры, Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы, Қарқаралы аудан әкімінің орынбасары болған. 2011-ші жылдық қаңтар айынан бастап Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы басқармасында басшы орынбасары болды. Соңғы уақыттарда жетекші міндетін атқарды.



Қайырбек Тұрсынбеков 48 жаста. Ақмола ауал шаруашылық институтын «Мал дәрігері» мамандығы бойынша бітірген. 2001-ші жылдан бастап мемлекеттік қызметте, барлық қызметі ветеринариямен байланысты. Тағайындауға дейін Қарағанды облысы ветеринария басқармасының басшы орынбасары болып қызмет атқарды.



Дмитрий Карпов 36 жаста. Екі жоғары білімі бар: Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ «Дене шынықтыру мұғалімі, спорт бойынша жаттықтырушы» және «Құқықтану бакалавры» мамандықтары бойынша бітірген. Жеңіл атлетика бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. «Қарағанды облысы жеңіл атлетика федерациясы» АҚ вице-президенті. Жеңіл атлетика бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командасының штаттағы нұсқаушы-спортшысы (Астана), «Қарағанды қаласының жеңіл атлетика бойынша олимпиадалық резервтің балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі» ҚММ жаттықтырушы-мұғалімі болып істеген. 2015-ші жылдың қазан айынан бастап бүгінге дейін осы мектеп жетекшісі болды.

 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»